Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жүгіру жолы

ТОЛЫҚ АТАУЫ: «Жетісу облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Айдана» бөбекжай бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ: Жетісу облысы, Саркан ауданы, Қойлық ауылы, Макетова 94А

АШЫЛҒАН ЖЫЛЫ: 2010 жылы 29 қарашадан бастап жұмыс істейді.

Балабақша ғимараты 2010 жылы пайдалануға берілген. Балабақша ғимараты ыңғайластырылған, типтік емес. Үш топта 55 тәрбиеленушілер тәрбие мен білім алады. Балабақшада 3-жатын бөлме, 3-ойын бөлмесі, медициналық бөлме, асхана, қойма, меңгеруші бөлмесі, тәрбиеленушілерді қабылдау бөлмесі, кір жуу бөлмелері, қарастырылған. Балабақша ауласында 3-бастырма және 3-құм алаңы, спорт алаңдары қарастырылған. Қазіргі таңда алма ағаштары мен әртүрлі жеміс ағаштары егілген. Олар балабақша қызметкерлерінің күтімінде.

БАЛАБАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР: Балабақшада жалпы 25-педагогикалық кадр мен кіші қызметкерлер жұмыспен қамтылған.

ПЕДАГОГ-КАДРЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР: Балабақшада 10-педагог кадрлар оқу- тәрбие процесін жүргізеді. Қазіргі таңда олардың 2-і жүктілікке байланысты демалыста. Олардың 6-ы жоғары білімді, 4-уі кәсіптік орта. Бірінші санатты-1, екінші санатты-1. Санатсыз-4, педагог-модератор -1. Педагог сарапшы -2.

ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ: Балабақшаның оқу-тәрбие процесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 Қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты», Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде Үлгілік оқу жоспарын ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 маусымдағы №391 бұйрығын, ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығын басшылыққа алып жүргізеді.

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫНАН ӨТУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР: Соңғы бес жылда балабақшаның барлық педагогтары біліктілікті арттыру курстарынан өткен.